Фото: ашық дереккөз
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, бүгіннен бастап медицина, білім беру ұйымдары мен өзге де әлеуметтік нысандарға кезең-кезеңімен жылу беріледі.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Мұндай шешім осы ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескеріп қабылданған. Жаңа жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалыпты.
Алматы қаласында жылыту маусымына дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, жылыту кезеңі температуралық режимді ескеріле отырып басталады.
Бұл ретте тұтынушыларға жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі:
- балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа да ғимараттар.