Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.
Сондай-ақ «СК Фармация» ЖШС Ауғанстанға жөнелту үшін дәрі-дәрмектер бөлді. Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұлан ұшағымен жіберілді. Жүк бүгін жетуі керек. Қалған гуманитарлық көмекті жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Бір күн бұрын Герат провинциясына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің 45 қызметкері жіберілді.