Қоғам • 11 Қазан, 2023

Домбыра тарту харам ба? Бас мүфти даулы мәселенің нүктесін қойды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Домбыра тарту харам ба?» деген сұраққа жауап беріп, қоғамда қызу талқыланған даулы мәселенің нүктесін қойды, деп жазады Egemen.kz.

Домбыра тарту харам ба? Бас мүфти даулы мәселенің нүктесін қойды

Фото: ашық дереккөз

Отандық БАҚ тілшілері ҚМДБ төрағасынан «Домбыра тарту немесе музыка тыңдау исламда харам санала ма?» деген сұрақтың жауабын алды.

«ҚМДБ бұған дейін де бұл мәселе төңірегінде түсініктеме берген еді. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне бірнеше іс-шара өткізіліп, онда домбыра және басқа ұлттық музыкалық аспаптар тартылды. Бұл харам емес», деді Наурызбай қажы Тағанұлы Бейбітшілік және келісім сарайы кулуарында.