Бұл басқосудың мақсаты – өзара түсіністікке жәрдемдесу және әлемдегі бейбітшілік пен келісімге үлес қосу үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын біріктіру. Израильде мыңдаған бейкүнә адамның, жазықсыз құрбандарды, балалар мен сәбилерді жерлеу рәсімін ойлап, жүрегім ауырып, көзіме жас алып сөйлеп тұрмын. Жақындарынан айырылып, жылап-сықтаған отбасылар көп. Олардың өмірі мен болашағы жойылды.
Шабуылды ұйымдастырушылар Ислам мен Құдай атын жамылып, дінге кір келтіргені анық. Ешбір дін және қандай да бір діни ілім мұндай кісі өлтіру әрекетін құптамайды және қолдамайды. Құдайды қорлау барлық дінге теріс әсер етеді, яғни бұл осында жиналғанның бәріне қатысты.
Жоель АДЛЕР,
Израильдің Бас Ашкенази раввинатының жеке кеңесшісі