Президент • 12 Қазан, 2023

Біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз – Президент

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективалары талқыланған  Digital Bridge форумында оқыған баяндамасын осылай түйіндеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз – Президент

Фото: egemen.kz

«Қазір біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз. Білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құра бастадық. Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса мән береміз. Біз цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Инновациялық кәсіпкерлікті және креативті индустрияны дамытамыз», деді Мемлекет басшысы.  

Президент жаһандық технологиялық революцияның шарапаты  әр елдің өсіп-өркендеуіне, адамзат баласының дамыған және әділетті қоғамда өмір сүруіне септігін тигізуі тиіс екенін айтты.