Фото: egemen.kz
«Қазір біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз. Білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құра бастадық. Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса мән береміз. Біз цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Инновациялық кәсіпкерлікті және креативті индустрияны дамытамыз», деді Мемлекет басшысы.
Президент жаһандық технологиялық революцияның шарапаты әр елдің өсіп-өркендеуіне, адамзат баласының дамыған және әділетті қоғамда өмір сүруіне септігін тигізуі тиіс екенін айтты.