Фото: Primeminister.kz
Сыйлық қазылар алқасы мүшелерінің онлайн-дауыс беруінің қорытындысы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы жетістіктері үшін Орталық Еуразия елдерінің үздік IT-компанияларына беріледі.
Номинациялар бойынша Digital Bridge Awards 2023 жүлдегерлері:
- Export Excellence (IT-қызметтерді экспорттауға бағытталған даму стратегияларын табысты түрде іске асыру) – Алексей Аксенов, бағдарламалық қамтамасыз етуді және күрделі цифрлық платформаларды әзірлейтін EPAM Kazakhstan компаниясының директоры;
- Tech for Good (экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған технологиялар) – Әсем Тәжиева, кішкентай балалар, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үшін пайдалы ақпарат беретін мобильді қосымша Ozim Platform әлеуметтік стартабының негізін қалаушы;
- Tech Educational Leader (оқытуда инновациялық, батыл және шығармашылық бастамаларды қолданатын бағдарламалау мектептері) – Данабек Қалиажаров, Alem School жетекшісі;
- Tech Media of the Year (технологиялық журналистика саласындағы жетістіктер) – Тагай Тазабеков, Қырғызстандағы жастарға арналған Limon.KG бірінші интернет-басылымының директоры;
- Employer of Choice (қызметкерлерді кәсіби және тұлға ретінде дамытуға ынталандыратын жұмыс ортасын ұсынушы компаниялар) – Дмитрий Ботанов, қызметтер, жылжымайтын мүлік және автокөлік сату саласындағы Kolesa Group IT-компанияның бас директоры;
- VC of the Year (инновациялық экожүйенің дамуына елеулі үлес қосқан венчурлік инвесторлар) – Әділ Нұрғожин, Big Sky Сapital венчурлық қорының басқарушы серіктесі;
- AI Startup of the Year (жасанды интеллект саласындағы жетістіктері үшін) – Азизджон Азими, Тәжікстан жастарына қаржы және телекоммуникациялық компанияларға жұмысқа орналасу үшін IT және ЖИ бойынша мамандандырылған курстардан өтуге мүмкіндік беретін Zypl.ai орталығының негізін қалаушы.
Премьер-министр Әлихан Смайылов жеңімпаздарды марапаттап, олардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.