Таным • 12 Қазан, 2023

Қазақтың балаларға қатысты ырым-тыйымдарын білесіз бе?

1012 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақ халқы байырғы заманнан бастап әдет-ғұрпын, наным-сенімін, ырым-тыйымын сақтап келеді. Ырым-тыйымдар тізбегі халықтың өмірінде, салт-дәстүрінде, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс табады. Ырым мен тыйым адамды жат әдеттерден тыюға бағыттайды. Соның ішінде сәбилерге, балаларға арналған тыйымдар туралы не білесіз?

Қазақтың балаларға қатысты ырым-тыйымдарын білесіз бе?

Қазақ халқында балаларға арналған ырым-тыйымдар көне заманнан бастап қалыптасқан. Оқырман назарына солардың негізгілерін ұсынуды жөн көрдік: 

- Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.

- Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармайды. Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.

- Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенін бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.

- Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.

- Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.

- Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.

- Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердін сөзіне араласуға болмайды. Бұл - әдепсіздіктің белгісі.

- Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл келеңсіздік болып табылады.

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап кояды. Ер баланың кіндігін үйкүшік болмасын деп, қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін үйдін кұты болсын деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.

- Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қаскырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен тундаған.

- Нәрестенің ұйкысы тыныш болуы үшін және жын-шайтанды куу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесігін айналдырып, аластап шығады.

- Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады.

- Кебенек пен қамшы ел корғайтын ер болсын дегенді білдіреді.

- Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде кыркынан шығарады. Бұл - ұл баланын калыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын деген ырым.

- Сәби шалқасынан жатып, алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса, уайымшыл немесе жігерсіз болып шығады, ал етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады, егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтса, болашақ батыр, кемеңгер болады деп ырымдаған.

- Қыз балаға шашы ұзын болсын деп желке жегізеді.

- Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, кырсык болып өседі деп ырымдаған.

- Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді немесе қыздың орайы екеу болса, екінші рет тұрмыска шығады деп ырымдайды.

- Шөбересінің алақанынан су ішкен қарт жұмаққа барады деген ырым бар.

- Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.

- Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген жоралғы бар.

- Балаға қарғыс өтпеуі үшін үш кемпірдің бұтының арасынан өткізіп алады.

- Сәбиге көз тимес үшін, бетіне немесе маңдайына күйе жағып, үстіне ескі киім кигізеді.

- Бойына бала бітпей жүрген әйел баланын ит көйлегін ырым етіп алып қалады.

- Баланын қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Олай

етпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.

- Сәбидің тез жүріп кетуі үшін тұсауы кесіледі.

- Нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне, тұмар ретінде жыланбас, үкі, тоғыз моншақ немесе күміс тиындарды іліп қояды. Сәбиге біреудің көзі тиді деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нарсесі әкеліп түтетеді.

- Баланы асырап алғанда ер балаға асықты жілік, кыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.

- Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына кұлап калса, үйге ырыс-береке келеді деп қуанады.

- Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді деп ырымдайды.

- Бала тұрмай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.

- Әйелдің екіқабат кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді деген наным бар.

- Әйел не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде қолғабыс жасамаса, баланың белі бүкір болады деп қауіптенеді.

- Бала алғаш рет жолға шыққанда тоқымқағар ырымы орындалады.

- Сәби анасынан ұстап отырып емсе, саран, ал еркін отырып емсе, мырза немесе жомарт болады деген ұғым бар.

- Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады деген ырым бар.

- Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді деген наным бар.

- Бала тілін шығарса, тіл келеді, яғни хабар келеді деп жориды. Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді деп жориды.

- Перзентсіз ерлі-зайыптылар мойындарына көгеннін бұршағын салы бала тілейді.

- Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады деген жорамал бар.

- Баланың мойны тез және түзу беку үшін оның шілдеханасында қойдын мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.

- Шала туған баланы тымаққа салып, неше күн кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.

- Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп, ондай сәбиге «Қалдыбай», «Қалдыгүл», «Меңдігүл», «Анарбай», «Анаргүл» деп ат қояды.

- Сәби үйге «Ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді деп жориды.

- Бала қолындағы заттарын шашу деп шашса, ол үйде той болады деп жориды.

 

(Жоғарыда жазылған мәліметтер Әділ Ахметовтың «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары» кітабынан алынған)