Руханият • 12 Қазан, 2023

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Меккеге қажылыққа барды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сауд Арабиясының Мекке қаласында  Умра қажылығын өтеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Меккеге қажылыққа барды

tashkenbay_sanzhar

Санжар Тәшкенбай кіші (Умра) қажылық парызын өтеп жүргенін  әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

«Алланың қалауымен Мекке қаласында Умра қажылығын өтеуді нәсіп етті», деп жазды боксшы.

Санжар биыл  мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Одан кейін ұзақ уақыт үзіліс алды. Жақында Ақтауда  Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнирге қатысып,  жеңіліс тапты.