Ашық дереккөз
Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен жүзеге асқан жеті күндік фотосапардың негізгі діттегені Маңғыстау өлкесінің көз тартар табиғаты мен бірегей ландшафтын жан-жақты көрсететін фотоматериалдар дайындау, туристердің назарын аударту болды және бұл мақсаттарға толығымен қол жеткізілді.
Құрамына National Geographic Qazaqstan журналының өкілдері, отандық кәсіби фотографтар мен видеографтар, сондай-ақ танымал актер, трэвэл блогер Дәурен Айдарқұлов кірген экспедициялық топ Маңғыстау өлкесіндегі Айракты-Шоманай тауы, Жығылған мүйісі, Тұзбайыр соры секілді туристік нысандармен қатар, Шақпақ ата, Шопан ата сынды Маңғыстаудың киелі орындарына ат басын тіреп, фототүсірілімдер жасады.
Нұржауған МҰҚАНОВА