Қазақстан • 15 Қазан, 2023

Каспий итбалығы тағы қырылды

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 қазанда сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапқан. 

Каспий итбалығы тағы қырылды

Фото: Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлекселерінің әр түрлі дәрежеде ыдырауы олардың өлім мезеттері әр уақытта болғандығын көрсетеді.

Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, аталған факт туралы жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғатты қорғау прокуратурасы) хабардар етілген.

Итбалық табылған жердегі жұмыс тобын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары басқарады. Қазіргі уақытта жұмыс тобының қалған мүшелері су, ауа, топырақ сынамаларын алу үшін және мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тіндерінен сынамалар алу үшін келетіні күтіліп отыр.

Фото

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото

Қазақстанның қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері Каспий теңізінің Қазақстан және Ресей секторларының акваториясындағы ресейлік ғылыми мекемелермен бірлесіп 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басындағы қысқы кезеңде итбалықтардың шоғырлануы кезеңінде жүргізген санау қорытындысы бойынша есептелген итбалықтардың жалпы саны 259 872 құраған. (Каспий теңізінің Қазақстан секторында - 240 168, Ресей секторында - 19 704).