Мәдениет • 15 Қазан, 2023

Қазақ оркестрінің жаңа маусымы

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі XXVII концерттік маусымын «Астана – өнер ордасы» бағдарламасымен ашты. Сазды кеште қазақ және әлем композиторларының таңдаулы шығармалары орындалды.

Қазақ оркестрінің жаңа маусымы

Қазақ оркестрі – Астана филар­мониясының 1996 жы­лы құрылған шығармашылық ұжымы. 2008 жылдан бас­тап оркестрдің көркемдік же­тек­шісі әрі бас дирижері – Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, «Парасат» орденінің иегері Айтқали Жайымов.

«Астана – өнер ордасы» бағдарламасында маэстро Айтқали Жайымов пен ор­кестр дирижері, Мәде­ниет қай­раткері Нұрлан Беке­нов­тің жетекшілігімен Түр­кештің «Көңілашар», Тәт­тім­беттің «Саржайлау», Дина Нұрпейісованың «Әсем­қо­ңыр», Құрманғазының «Сары­арқа», «Серпер», Жанар Жүсі­пованың «Тұран», Айтбай Мұздахановтың «Аманкелді дүбірі», Нұрлан Бекеновтің «Мұқали» шығармаларының оркестрлік өңдеулері орындалды. Сонымен қатар кө­рер­мен Жорж Бизенің «Кар­мен» және Вольфганг Амадей Моцарттың «Фигароның үй­лену тойы» операларынан ұлт­тық аспаптар оркестріне ар­налған увертюраларды тың­дай алды.

Виртуоз музыканттар да өз кәсібилігін көрсете алды. Анар Мұздаханова Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін ұсын­са, Жанар Жүсіпова «Ықы­лас» күйін шеберлікпен шерт­ті. Сондай-ақ оркестрмен бір­ге Ботагөз Тәшімова Еділ Құ­сайыновтың «Қыпшақ жы­ры» шығармасын ұсынды. Айт­қали Жайымовтың «Отпан тау» күйін халықаралық бай­қаулардың лауреаты Қайрат Жұмағалиев орындады.

Осы кеште филармония­ның академиялық вокал бө­лі­мінің әртістері де сахнаға шықты. Талғат Аллабиринов оркестр­мен бірге Абайдың «Айт­тым сәлем, Қаламқас» және Ди Капуаның «O, sole mio» әндерін шырқады. Ал Ал­тынбек Әбілда Сыдық Мұ­хамеджановтың «Айсұлу» операсынан Серке каватина­сы мен Еркеғали Рахмадиев­тің «Бала ғашық» туын­дысын паш етті. Халықаралық бай­қаулардың лауреаты Фи­руза Рахметова Қазақ ор­кестрі­мен бірге Луиджи Ар­дитидің «Поцелуем» және Латиф Хамидидің «Бұл­бұл» шығармаларын орындап, ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында орындаушылар Арман Жайымның «Қазақ елі» және Ермұрат Үсеновтің «Астана» әндерімен кон­церт­тік бағдарламаны аяқтады.