Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия «Air Astana» АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін «Air Astana» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.
«Air Astana» АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.
Қорытындылай келе, Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.