Парламент • 16 Қазан, 2023

Күн тәртібі нақтыланды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі нақтыланды

Депутаттардың талқылауына Салық кодексіне енгізілетін түзе­тулер, салық және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті төлем мен салық салу мәселелеріне қатыс­ты заң жобаларын бірінші оқы­лым­да қарау ұсынылады. Бұл заң жоба­ларының негізгі нормалары екін­ші деңгейдегі банктердің Ұлт­тық Банк ноталарынан түсетін кірі­сін салықтан босату құқығын алып тастауға, балаларға Ұлттық қор­дың табысынан аударылатын ныса­налы жинақтарды салықтан боса­ту­ға бағытталған. Сонымен қатар ар­найы экономикалық және индуст­риалдық аймақтардың қаты­су­шыларына жобаларының құны­на қарай салықтық жеңілдік­терді берудің сараланған тәсілін енгізу­ді, жеке тұлғалардың берешегі мик­ро­қаржылық ұйымдармен және коллекторлық агенттіктермен кеші­рілген жағдайда қалыптасқан кіріс­терді салықтан босатуды көз­дейді. Сондай-ақ соттар­да мем­лекет­тік баж төлеуді кейін­ге қалды­ру тәртібін енгізу мен салық­тық әкім­шілендіруді жетілдіру ұсынылған.

Жалпы отырыста Мәжіліс ко­митеттері бірқатар ратификацияланатын заң жобасын жұмысқа алады. Олар: Қырғыз Республикасы­мен авиациялық іздестіру, құтқару саласындағы ынтымақтастық және  «Қарасу», «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеніне қатысты келісімдер.  Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда салықтар алу тәртібін айқындау туралы  хаттама мен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.