Спорт • 16 Қазан, 2023

Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан өткен  әлем чемпионатында жерлесіміз Ксения Балабаева әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Фото: fide.com

Ол блиц  сайысында әлем чемпионы атағы үшін тағы бір отандасымыз Әмина Қайырбековадан басым түсті. Ксения рапидтен де құр қол қайтқан жоқ, финалға жетіп, күміс медаль олжалады. Зейнеп Сұлтанбек қола медальді еншіледі. Ерлер арасындағы сында Арыстан Исанжұлов та қола жүлде алды.