Сенат • 17 Қазан, 2023

Күн тәртібі нақтыланды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 19 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Күн тәртібі нақтыланды

Соған сәйкес Сенаттың алдағы отырысында депутаттар «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қарайды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қол қойған заң экономикалық өсуге, өзара және сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге арналған.

Келісімді қабылдау ЕАЭО-ға мүше мемлекет­тердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ бір­лескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің на­рық­­тарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.