Сурет Сайлау Пернебаевтың альбомынан алынды
Іс-шараға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Мәдениет комитетінің төрағасы қатысты.
Кеңестiң қорытындылары бойынша Шуша декларациясына қол қойылды. Құжатта ұйымның негізгі даму бағыттары айқындалған. Сондай-ақ 2025 жылғы Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып Ақтау қаласы бекітілді. Бұған қоса, ТҮРКСОЙ-дың атаулы жылдары аясында 2025 жыл – композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев жылы болып жарияланды.
Айта кетейік, келесі жылы аңыз-тұлғаның ғасырлық мерейтойы атап өтіледі.