Тұлға • 17 Қазан, 2023

Жазушы мерейі

181 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазушы еңбегінің салмағын ешкім өлшей алмас, сірә. Жазу – азап, жазу – мехнат, тіпті «тәтті тамұқ». Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. «Әдебиетті ардың ісіне» балаған бұл қауым әрқашан әдебиеттің әділетін көре бермейді. Атақ-даңқ, марапат пен қошемет жанын жеп жазған қаламгердің бәріне бұйырмайтынын да тарих дәлелдеді. Ал лайықты жазушы еңбегі еленіп, мойындалып жатса, қаламның құдіретіне көзің жете түседі. Әлқисса.

Жазушы мерейі

Биыл Тарас Шевченко атын­­дағы халықаралық сый­лық әлем әдебиетіне қос­қан зор үлесі және Украина әдебиетін Қазақ­стан­да­ айтар­лықтай таны­мал­ ет­ке­ні үшін жазушы Рол­лан­ Сейсенбаевқа берілді. Украи­на­­ның Халық­аралық әде­биет және өнер ака­де­миясы бел­гі­леген бұл құр­метті сый­лық­ көрнекті жазу­шы­ларға, жур­на­лис­­терге, аудар­ма­шыларға, ғалым­дар­ға, өнер қай­рат­кер­ле­ріне, мем­лекет және қоғам қай­­­рат­керлеріне жан­қияр­лық­, қоғамдық және қайы­рым­ды­лық қызметтері үшін беріледі.

Автордың «Өзімді іздеп жүр­­мін», «Шайтанның тағы», «Еш­­қай­да бастамайтын бас­пал­­дақ­­тар», «Өмір сүргің кел­се», «Қазы­бектің ора­луы», «Түнгі диалог», «Құм кез­­ген­ өліктер», тағы басқа про­­­­за­­лық, драматургиялық туын­ды­­лары оқыр­манға жақсы таныс. Роллан Сей­сенбаев қалам­гер, аудар­­ма­шы,­ баспа­гер ғана емес, бел­сенді қо­ғам қай­­рат­кері еке­ні­н­ де біле­міз.­ Ол Лондонның төрі­нен Абай үйін,­ Халықаралық Абай­ клубын­ және­ «Аманат» халық­­­аралық әдеби журналын ашты.

Роллан Сейсенбаевтың әде­биет­ке сіңірген ең­бе­­гін халық­ара­­лық дең­гей­де мо­йын­­дау оның­ шығар­ма­ла­рын­да гума­низм,­ бей­біт­ші­лік, ізгілік, әділ­­дік, жалпы­­адам­заттық құн­­ды­­лықтар тақы­­рыптарын көте­руімен бай­ланысты болса­ керек. Қа­зақ жазушысымен бір­ге биыл Тарас Шевченко атын­да­­ғы сыйлықтың лауреат­тары тізі­мін­де Украинаның ха­лық ақыны Васи­лий Симо­нен­ко, сондай-ақ украин ақын­да­ры мен аударма­шы­лары Ва­силий Барка мен Богдан Бойчук та бар.

Жазушы қайраткерлік еңбегі үшін бұған дейін де бірнеше рет жоғары халық­ара­лық марапатқа ие болды.­ Был­тыр Халықаралық өнер орталығы «Radius» (АҚШ),­ Халық­аралық өнер орталығы «Pegasus Brucke», сонымен бірге он мемле­кет­­тің халықаралық қоғам­дық­ ұйымдары Роллан Сейсен­баев­қа «Әлемнің алтын жазушысы» ата­ғын­ табыс етті. Бұл жоға­ры атақ жазу­шы­лардың еңбектері мен қуатты шығар­­­ма­шы­лық ұмтылыстары үшін таға­йындалған. Ес­ке­­ салсақ, амери­ка­­лық «Amazon Crossing» баспа­сы­­нан­­ автордың «Құм кезген өліктер» роман-эпосы жарық көрген болатын.