Шымкент • 18 Қазан, 2023

Шымкентте 20 жасар жігіт кермеге асылып қалған

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында кермеге асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 20 жасар жігіт кермеге асылып қалған

Қайғылы оқиға қаладағы Қ.Қазиев көшесі бойындағы мектеп аулаларының бірінде орын алған. 20 жастағы жігіт кермеге (турник) байланған қалың жіпке асылып қалған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты Тұран аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Арнайы экспертиза да тағайындалған.