Қоғам • 18 Қазан, 2023

«Қазақ тілін үйренетін уақыт келді». Илья Ильин оқырмандарын таң қалдырды

1375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ауыр атлеті Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына қазақша видео-үндеу жасады. Видеода спортшы қазақ тілін үйренгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазақ тілін үйренетін уақыт келді». Илья Ильин оқырмандарын таң қалдырды

Бейнежазбада Илья Ильин қазақша амандасып, қазақ тілін жетік меңгергісі келетінін айтты.

«Мен қазақша көбірек сөйлегім келеді, бірақ әзірше осы. Достар, мен қазақ тілін үйрену үшін өте көп жұмыс істеймін, және бұл маған ұнайды. Мен оқығанды және өзімді дамытқанды ұнатамын. Қазақ тілін үйренетін уақыт келді», дейді спортшы. 

Сонымен қатар зілтеміршінің оқырмандары Илья Ильиннің бұл талпынысын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.