Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
«Қазақстан темір жолы» қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен жұмысы жолмен байланысты желілік кәсіпорындардың теміржолшыларының уақытша тұруы мен демалуына жылжымалы ғимараттар орнатып жатыр. Бұл жолшылардың игілігі үшін жасалып жатыр.
Бүгінгі таңда магистралдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау бөлімшелерінің жол шаруашылығы кәсіпорындарында 29 модульдік ғимарат орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде – 102, 2024 жылы 113 жылжымалы ғимарат пайдалануға берілмекші.
Магистралдық желі дирекциясы кәсіпорындарының қажеттілігіне қарай сыйымдылығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.
Жылжымалы ғимараттарды монтаждау қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Орнатудың қарапайымдылығына қарамастан, барлық қажетті инженерлік коммуникация мобильді ғимаратқа қосылады. Сонымен қатар олар жиһазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін қажет басқа да заттармен жабдықталған.