«Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі», деді Мәдина Әбілқасымова парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, енді мұндай шектеу кірісі ең төменгі жалақыдан төмен қарыз алушыларға ғана қатысты.
«Сонымен қатар жастар арасындағы қарыздың өсуіне байланысты 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру тек ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады деген талапты енгізу ұсынылды», деп қосты М. Әбілқасымова.