Қоғам • 21 Қазан, 2023

Елордада Республика күніне орай мыңнан астам ту желбіреді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Республика күніне орай  мыңнан астам ту желбіреді

Фото: gov.kz

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін өткізді. Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-нан астам  ту ілінді. «Астана жастары» еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады.

«Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді. Астаналықтар бұл бастаманы қызу қолдап,  акцияға қосылды»  делінген хабарламада.

Акция әлі де жалғасып, бас қалада  ілінген тудың саны артып жатыр.