Фото: gov.kz
Әбжаппар Дайрабайұлы 1927 жылы 1 қаңтарда Түркістан ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1932 жылдан бастап Түркістан қаласының балалар үйінде тәрбиеленіп, содан кейін үлкен ағасы Бимаш Дайрабайұлының қамқорлығында болған. Бес жасында аштықтан аман қалған ол екінші дүниежүзілік соғысы басталған шақта небәрі 14 жаста еді.
Ә.Дайрабайұлы 16 жасынан бастап Беларусь және Украина майдандарында соғысып, Польшаны азат етуге қатысып, «Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған.
Елге оралған соң мұғалім болып жұмыс істеген. Соғыс ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы болды. Ақсақал екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген.