Қазақта қымыз деген көптің асы,
Пейілі, перде бұзған ықыласы.
Сапырып сары қымыз құйылғанда
Ақ көңіл ақтарылған жыр тұмасы.
Қымыздың сапырғанда бабы келер,
Ортада дастарқанның сәні келер.
Сапырып саба толы қымызыңнан
Қанеки, қонағыңа құйып жібер.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ