Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.
Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.