
"Ақселеу қайтыс болғанда қабырғам қаусады. Еуразия ұлттық университетіне ректор болып келгенде, ең бірінші сәлем берген – Ақселеу. "Қайда жүрсің?" десем, "Президент мәдениет орталығы" деді. Журналистика кафедрасына бастық қылып қойдым. Ақселеу мен Қойшығара екеуі үнемі қасымда жүрді. Бір сәт қасымнан қалдырған емеспін”, – деді ішкі сырымен бөліскен ғалым.