Бағдарламалау мектебі IT саласына, нақты ғылымдарға қызығушылық танытатын 8-10-сынып оқушыларына арналған. Мұнда тәжірибелі оқытушылар балаларға сұранысқа ие бағдарламаларды үйретіп келеді.
– Алғашқы күннен бастап мектепке қызығушылық жоғары болды. Балалардың да IT әліппесін меңгеруге деген құлшынысы зор. Өйткені заманауи білім ең беделді деген жоғары оқу орындарына түсуге, табысы жоғары жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді, – дейді республикалық физика-математика мектебі директорының орынбасары Гүлнұр Әубәкірова.
Қазақстандағы «Яндекс GO» басшысы Тайыр Байдүйсеннің айтуынша, елімізде IT негіздерін оқытуға деген сұраныс өте жоғары. «Ендігі кезекте екі қаламен шектелмей, басқа өңірлерді де қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде жоба Петропавл, Талдықорған және Қостанайда іске аса бастады», деді ол.
Жас таланттар үшін жағымды тосынсыйлар мұнымен бітпейді. Бағдарламалау мектебінің түлектері білім беру бағдарламаларына қол жеткізе отырып, Django, GameDev интерфейстерін құру, junior-әзірлеушілердің дағдыларын игеріп, машиналық оқыту және басқа да бағыттар бойынша онлайн курстарда заманауи IT машықтарды меңгереді.
АЛМАТЫ