«Талап» орталығы ұйымдастырған курс бағдарламасы электрэнергетика және электртехника, көлік құралдары, сән және дизайн, білім, денсаулық сақтау, механика және металл өңдеу, тамақтануды ұйымдастыру, аудио визуальды құралдар және медиа өндірісі, тоқыма, бизнес, басқару және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс жұмыстары, шаштараз және косметологиялық қызметтер, материалдар өндірісі бағыттарын қамтиды.
Аталған курсқа Алматы қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 500-ге жуық педагог қатысып, жұмыс әрі оқу бағдарламасын әзірлеу, кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялар, өндіріс маманына қойылатын негізгі талаптарға қатысты біліктіліктерін арттыру үстінде.
Сонымен бірге тыңдаушылар оқу бағдарламасын әзірлеуге дағдыланып, білім берудегі педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолдаумен қатар серіктестік-ынтымақтастық, терең тыңдау әдісі, өмірлік тепе-теңдік шеңбері, қанағаттану шкаласы, логикалық деңгейлер пирамидасы, уақыт сызығы сияқты арнайы коучинг әдістерін де меңгеріп жатыр. Қарастырылған үш модуль шеңберінде курс тыңдаушылары өндірістік базаларда құрылғылармен жұмыс істеп, мамандармен тәжірибе алмасуы да қарастырылған. Сондай-ақ осы курс аясында колледж басшылары мен әдіскерлеріне арналған түрлі тақырыптағы бағдарламалар да оқытылып жатыр.
АЛМАТЫ