Аймақтар • 24 Қазан, 2023

ШҚО-да дін тақырыбында тренингтер өтті

151 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

ШҚО-да дін тақырыбында тренингтер өтті

Дін істері комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 19-20 қазанында Шығыс Қазақстан облысында дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығы» КММ, «Ақниет» ҚҚ мамандары, психологтары мен теологтары, жергілікті АТТ мүшелері қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы, нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы, риторика маманы Аманбек Толқын, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы семинар оқыды.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында кездесіп, мамандардарды психологиялық денсаулықты ұстап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс жасау әдістерін түсіндірді. Келесі кезекте, «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспектер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс жасау кезінде стресс мөлшерін жеңілдетуге бағытталғын тренинг өткізді.

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті.Сондай-ақ, «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.

Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбыаясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Фото

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.