Спорт • 24 Қазан, 2023

IV Азия пара ойындары: Екінші күннің нәтижесі

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай шаһары Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола, барлығы 6 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

IV Азия пара ойындары: Екінші күннің нәтижесі

Фото: Turizm_zhane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай Қазақстан құрамасы пара дзюдодан жалпы командалық есеп межесінде екінші орында тұр.

Алтыннан алқа таққандар: Ерғали Шамей (J1 санаты) және Олжас Оразәліұлы (J2 санаты).

Күміс медаль иегері – Асылан Нұрдәулетов (J1 санаты).

Қола жүлделерді Динара Куджулова (J1 санаты), Бауыржан Арыстанбеков (J1 санаты) Даяна Федосова (J2 санаты) еншіледі.

«Біздің пара дзюдошылар бүгін керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді, жаттықтырушылар штабын осы жетістікпен құттықтаймын. Бүкіл еліміз дзюдошыларымызды мақтан тұтады», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетсек, пара дзюдодан жарыстар 26 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025