Қоғам • 24 Қазан, 2023

Ертең Kaspi.kz қосымшасы мен мобильді такси шақыру қызметі жұмыс істемейді деген шындыққа жанаса ма

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматтары WhatsApp-та таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда ел аумағында Kaspi.kz қосымшасы, сондай-ақ мобильді такси шақыру қызметтері жұмыс істемейді. Бұл жалған, деп жазады Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ертең Kaspi.kz қосымшасы мен мобильді такси шақыру қызметі жұмыс істемейді деген шындыққа жанаса ма

– Бұл жалған. Kaspi.kz өнімдері мен қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жұмыс істейді. WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк. Сенімсіз дереккөздерден алынған қауесеттерге сенбеңіздер! Kaspi.kz барлық маңызды ақпаратты әлеуметтік желілерде өзінің ресми парақшаларында жариялайды, – деп хабарлады компания.

Ірі онлайн-такси шақыру сервистеріне келетін болсақ, 2023 жылғы 25 қазанда олардың Қазақстанда өз жұмысын тоқтататыны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Мұндай хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында да, осы қызметтердің ресми парақшаларында да шыққан жоқ.

Демек, таралған хабарлама фейк.