Спорт • 25 Қазан, 2023

Зарина Рафимова Азия Пара ойындарында күміс медаль алды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың  Ханчжоу қаласында  өтіп жатқан IV жазғы Азия Пара ойындарында  Зарина Раифова   күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Зарина Рафимова Азия Пара ойындарында күміс медаль алды

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

Жазғы  Азия Пара ойындарында  Зарина Раифова 70 кг  (J2) салмақта  дзюдо күресінен сынға түсті. Финалдық белдесуде Қытай балуаны Ван Хуюнға  есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты. Азия Пара ойындарының қола медалін  жапон балуаны Нишимура Атсума олжалады.