Технология • 26 Қазан, 2023

WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемей қалды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қазаннан бастап кейбір Android смартфондарында WhatsApp жұмыс істемей қалды. Бұл туралы мессенджердің анықтама орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемей қалды

Фото: kursiv.media

Компанияның хабарламасында 2023 жылдың 24 қазанынан бастап тек Android 5.0 және одан жоғары нұсқаларға қолдау көрсетілетіні айтылған.

Смартфондар мен планшеттердің 16 моделінде WhatsApp жұмысы тоқтады. Атап айтар болсақ, Samsung Galaxy Note 2 (2012), Samsung Galaxy S2 (2011), Samsung Galaxy Nexus (2011), Samsung Galaxy Tab 10.1 (2011), Google Nexus 7 планшеті (2013), HTC One (2013), Motorola Xoom планшеті (2011 Motorola Droid Razr (2011), HTC One M7 (2013), HTC Desire HD (2011), HTC Sensation (2011), LG Optimus 2X (2011), LG Optimus G Pro (2013), Sony Xperia Z (2013), Sony Xperia S2 (2012), Sony Ericsson Xperia Arc3 (2012) телефондарында енді мессенджер қызметі қолжетімсіз.

Айта кетейік, мамыр айында WhatsApp-та хабарламаларды өңдеу мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін хабарламаны басып, ұстап тұру керек. Содан кейін ашылған терезеде «өңдеу» дегенді таңдап, мәтінді ауыстыруға болады.