Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Ақтөбеде мейрамхана қызметкерін ұрып құлатқан жігітке қылмыстық іс қозғалды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде ер адамның мейрамхана қызметкерін ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде мейрамхана қызметкерін ұрып құлатқан жігітке қылмыстық іс қозғалды

Фото: Polisia.kz

Оқиға 23 қазан сағат түнгі 02.00-де Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Мейрамханаға тамақтануға келген 28 жастағы кәсіпкер жігіт даяшының қызметіне көңілі толмаған. Мәселені шешу үшін ол менеджерді шақыртқан. Әрі қарай мән-жайды талқылау барысында ашуға мінген келуші жігіт жас менеджерді бетінен ұрып құлатқан.

«Соққы салдарынан 21 жастағы жігіт иегінен жарақат алып, ауруханаға жүгінді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Бұзақылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», делінген мәліметте.