Қоғам • 27 Қазан, 2023

Айлығынан бас тартқан депутат қалай күн көріп жүргенін айтты

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің бірнеше депутаты жалақысынан бас тартқаны туралы ақпарат бұған дейін де тараған еді. Депутат Руслан Берденов «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында бұның себебін түсіндіріп, қалай күн көріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айлығынан бас тартқан депутат қалай күн көріп жүргенін айтты

Оның айтуынша, мәжілістегі бір топ депутат айлықтарын қайырымдылыққа беруді шешкен.

«Қысқаша айтайын, бұл хайп емес. Журналистер Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаровқа «сіз кәсіпкерсіз ғой, айлық аласыз ба?» деген сұрақ қойған. Ол «біз партиядағы әріптестерімізбен айлығымызды қайырымдылыққа береміз деп шештік» деп жауап берген еді. Бір сұхбатымда «мәжілістегі айлық менің бір жыртығымды да жамамайды» дегенім бар. Осыдан халық арасында түсініспеушілік пайда болды. Айлықты менсінбеген емеспін», деп түсіндірді Руслан Берденов.