Өнер • 27 Қазан, 2023

Әли неге атақтан бас тартты?

2018 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов күні кеше тапсырылған «Құрмет» мемлекеттік наградасынан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әли неге атақтан бас тартты?

Әлеуметтік желіде бұл тақырып көптеген пікірталас пен талқылауға себеп болған еді.

Бүгін Роза Рымбаеваның 32 жастағы ұлы өзі мәлімдеме жасады. Ол өзінің медаль сұрамағанын және соңғы сәтке дейін бұл орденнің берілетінін білмегенін айтты.

Рас, әнші әзірге мемлекеттік сыйлықты ресми түрде қайтаруға болатын-болмайтынын нақты білмейді. Өйткені, Қазақстанда мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған.

Тағы айта кетерлігі, Әли Оқапов осы уақытқа дейін алған барлық марапаттарынан, оның ішінде музыка саласындағы наградаларынан да бас тартпақшы.

Бейне мәлімдемесінің соңында өзін «қарапайым эстрада әншісі» деп атаған ол көпшіліктен осындай дүрбелеңге себеп болғаны үшін кешірім сұрады.