Аймақтар • 28 Қазан, 2023

Шахтадағы апат: Қаза тапқан кеншілердің саны 33-ке жетті

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы апат: Қаза тапқан кеншілердің саны 33-ке жетті

Фото: ашық дереккөз

«Костенко шахтасында 33 кеншінің мәйіті табылды, 13 адам іздестіріліп жатыр.  Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді», деді әкім баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, зардап шеккендер қазір дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.