Оқиға • 29 Қазан, 2023

Қарағандыда қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жалғасып жатыр

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жалғасып жатыр

Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызып жатыр.  

Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.

«Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп жатыр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп отыр», делінген хабарламада.