Елорда • 29 Қазан, 2023

Астана тұрғындары жарықсыз қалды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада тұрғын үйлердің бір бөлігі желілердегі апатқа байланысты электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана тұрғындары жарықсыз қалды

Қала әкімдігінің хабарлауынша, коммуналдық қызметтер Астанадағы апатты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жергілікті жерде авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта апаттың себебін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп қосты әкімдік.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі мәлім еткендей, Астанадағы 2-ЖЭО-да қысқа тұйықталу орын алып, генерация төмендеген.