Қоғам • 30 Қазан, 2023

Бала туу көрсеткіші мақтанарлық

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша соңғы он жылдың бедерінде елімізде азаматтардың орташа жасы 31-ден 32-ге өскен. Бұған 15 жасқа дейінгі жеткіншектердің  өсімі де айтарлықтай септігін тигізіп отыр.

Бала туу көрсеткіші мақтанарлық

Фото: egemen.kz

2009 жылы жүргізілген санақта 0-15 жас аралағындағы  жеткіншектердің саны 3,9 миллион болса, 2021 жылы жүргізілген соңғы санақта 5,6 миллион адамға жетті. 65 жастан асқан қарттардың да қатары 2009 жылғы санақпен салыстырғанда молайған. 12 жылда 65 жастан асқан азаматтардың саны 1,6 миллион болды. Олардың арасында ғасыр жасап, 100 жастан асқан 200-ден аса қазыналы қартымыз бар.  Аймақтарда бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы алда тұрса, Шығыс Қазақстан облысында 90 жастан асқан қарт кісілердің қатары көп.