Туризм • 31 Қазан, 2023

Елімізге келетін саяхатшылар көбейді

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде ішкі туристер саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 400 мыңға көбейіп, 3,1 млн туристі құраған. Шетелдік туристер саны да екі есе өсіп, биылдың өзінде 516 мың турист елімізде саяхаттаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді.

Елімізге келетін саяхатшылар көбейді

Вице-министр өткен жылы қабылданған қолда­ныс­­тағы мем­лекеттік қолдау ша­ра­ларының аралық қоры­тындысын жа­рия етті. Атап айтқанда, еліміз­дегі от­ба­сы­лық туризмді насихат­тай­тын «Kids go free» бағдар­ламасы бойын­ша биылғы 9 айда 1 800 бала тегін ұшып, 800 отбасы ел ішінде демалуға 80 млн теңге қаржысын үнем­деген.

Е.Ер­кінбаев туризмді дамыту үшін қажетті жаңа іс-шараларды дамыту жө­ніндегі жоспарларын да ор­та­ға салды. Яғни алдағы уа­­қытта туристік «Кэш бэк» ен­гізу, әкімдіктерге елді ме­кен­­дерден тыс жерлерде ин­фра­­құрылым құру бойынша құ­зы­реттер беру, туристік жо­балар­ды жеңілдікпен кре­дит­теу мерзімдерін 10 жылға дейін ұлғайту, туристік бренд­ті осы жылдың соңына дейін бе­кіту, ауыл шаруашылығы мақ­са­тындағы жерлерде туризм нысандарын салуға рұқ­сат беру, гидтердің қыз­метін цифрландыру және орналастыру орындарын жіктеу жүйесін жетілдіру сияқты бір­­неше жобаны іске асыру жоспарда бар екенін жеткізді.

«Туристер санының өсуі турб­изнес үшін жақсы табыс көзі болмақ. Жарты жылдың қо­­рытындысы бойынша қо­нақ­­үйлер 100 млрд теңге кө­лемінде пайда тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 млрд-қа артық. Турбизнес дамыса, салық та көп түседі. Жыл соңына дейін туризмнен ел қазынасына 400 млрд теңге салық түседі деп жос­пар­лап отырмыз», деді вице-министр.

Спикер сырт­қы нарық­тарда Қазақ­станның туристік әлеуетін ілгерілету бо­йынша жаңа мар­кетингтік жос­пар құ­рылып жатқанын мә­лім­деді. Бұған қоса ұлттық ту­рис­тік брендті әзірлеу туралы тапсырма бе­рілгенін, бұл мә­селе жан-жақты қа­рас­ты­рылып жат­­қанын жет­кізді.

«Бірінші – инфрақұрылым. Ту­ристік орындарда ин­фра­құрылым мәселесі сын кө­тер­­мейді. Ло­гис­­тика да толықтай шешіл­ме­ген. Екінші – сапалы ту­рис­­тік өнімдердің аздығы. Цифр­­ландыру мәселесі де бар. Үшін­ші – сапалы маман­дарды оқыту. Төртіншісі – мар­кетинг пен жарнама мүм­кіндіктерінің аздығы», деді Е.Еркінбаев.

Оның айтуынша, атал­ған мәселелерді жүйелі шешу үшін биыл туризмді дамы­тудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжы­рымдамасы қабылданып, мақсатты көр­сет­кіштер бекі­тілді. Оның ішін­де 2029 жылға дейін ішкі туристер санын 9 млн-ға, шет­­елдік туристерді 4 млн-ға жет­­кізу көзделген. Ту­ризм сала­­сындағы мамандарды 1,6 есе, ал инвестиция көлемін 2 есе өсіруді қамтамасыз ету керек.

Баспасөз жиыны соңында вице-министр еліміздің ха­лық­­аралық аренада танылуы бо­йын­ша жетістіктерін атап өтті. Таяу­да Алматы об­лы­сын­дағы Саты ауылы «Үз­дік турис­­тік ауыл» аталымы аясында ха­лық­аралық туристік ұйым нұс­қасы бо­йын­ша үздік деп т­аныл­ғанын хабарлады.