Футбол • 31 Қазан, 2023

Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иесі атанды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі футболшы Лионель Месси бұл атақты сегізінші рет жеңіп алды. Өткен маусымда «Интер Майами» клубында ойнаған Месси 53 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Футболшы Аргентина құрамасы сапында да әлем чемпионы атанған, деп жазады Egemen.kz

Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иесі атанды

Фото: ашық дереккөз

Еске салайық, шетелдік БАҚ бұл марапатқа үш үміткерді анықтаған еді. Олар Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина), Эрлинг Хоаланд («Манчестер Сити», Норвегия) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция).

Сондай-ақ үздік ондыққа Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Родри («Манчестер Сити», Испания), Джулиан Альварес («Манчестер Сити», Аргентина), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»/Барселона, Германия), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Роберт Левандовский (Барселона, Польша) және Виктор Осимхен (Наполи, Нигерия) кірді.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси бұған дейін «France Football» журналы жариялаған «Алтын доп» наградасына 2009, 2019, 2021 жылдары ие болған еді. Сондай-ақ 2010, 2011, 2012, 2015 жылдары «ФИФА Алтын добының» жеңімпазы атанды.

Ал, 2022 жылы «Алтын доп» иегері Карим Бензема болған еді.