Сондай-ақ 2023 жылдың қарашасынан инвесторлар құрылыстың бірінші кезегінде АЭА аумағынан тыс әкімшілік ғимараттар мен қонақүй нысандарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Жобаның мақсаты – индустриалды парк салу, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік және логистикалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Оның жалпы құны 330 млрд теңгені құрап отыр. Жақын елді мекен тұрғындары үшін
2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Осы ретте Біріккен ұлттар ұйымының Орта Азиядағы есірткіге және қылмысқа қарсы күрес бойынша аймақтық басқармасының өкілдері Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол», «Нұр жолы» кеден бекеттерінің және «Қорғас еркін экономикалық аймағы шығыс қақпасы» жұмысымен танысты.
Делегация құрамында БҰҰ-ның Вена қаласындағы есірткіге қарсы күрес басқармасының шекараны басқару секторының жетекшісі Алан Коул, сол басқарманың үйлестіру бөлімінің басшысы Тофик Муршудлу, аймақтағы өкілі Ашита Миттал, Орталық Азия бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Сардор Аташиков болды. Олар есірткіге қарсы күресте атқарылып жатқан жұмыстарға, кедендік тексеру мен ресімдеу үдерістерінің заманауи талаптарға сай автоматты жүйеге көшкеніне және кеден бекеттерінің кедендік тексерудің озық үлгідегі құралдарымен жабдықталу мәселелеріне оң бағаларын берді.
Жетісу облысы