Спорт • 01 Қараша, 2023

V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті

Фото: drs_kz

Он бір күн аралығында 16 спорт түрінен 1500-ден астам спортшы 259-ы алтын, 259-ы күміс, 436-сы қола, жалпы саны 954 медальді сарапқа салды.

Айта кетсек, Эр-Рияд-2023-ке спортшыларын жіберген 120-дан астам елдің 87-сіне жүлде бұйырды.

Қазақстан делегациясы үшін Эр-Риядтағы жарыстың әр күні дерлік тарихи нәтижемен есте қалды. Мысалы, ойындар бағдарламасына алғаш рет қосылған қазақ күресі мен армрестлингтен Ұлттық құрама спортшылары командалық есепте 1-орын алды. Самбо мен грэпплингтен қоржынға World Combat Games-тің алғашқы алтыны түссе, каратэшілер бірінші рет жеңіс тұғырларынан көрінді. Жалпы ел намысын 10 спорт түрі бойынша 53 спортшы қорғады.

Айта кетелік, жауынгерлік өнер ойындарының жалпы рейтингісінде Қазақстан 37-інші орыннан жоғарылап, үздік ондыққа енді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35