Спорт • 02 Қараша, 2023

Түркістанда II түркі Универсиадасы өтеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының 5-10 күндері аралығында 7 спорт түрінен атап айтқанда, волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі бойынша Түркістан қаласында II түркі Универсиадасы өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда II түркі Универсиадасы өтеді

Фото: Ведомство. Телеграм

Естеріңізге салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанда түркі Универсиадасын өткізу туралы мәлімдеді. Аталған Универсиаданы өткізудің мақсаты − студенттер арасындағы спорттық жарыстар арқылы Түркі елдерінің өзара  жан-жақты ынтымақтастығына жәрдемдесу.

Универсиадаға түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан) және Венгрияның (байқаушы) 450-ден астам студент-спортшылары қатысады.

5 қарашада қатысушы елдердің байрағын көтеру жоспарланып отыр. Универсиаданың ашылуы 6 қарашада «SHOW ARENA»-да, жабылуы 9 қарашада А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоспарланған. Жарыстар «OLIMPIC CENTER» СК және А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.