Қазақстан спортшысы 62 000-нан астам ұпай жинады. Грузин Мириани Майсурадзе рейтингте екінші тұр, ал Әзербайжан өкілі Осман Нурмагомедов үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, отандасымыз қыркүйек айында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен ел тарихындағы алғашқы «алтынды» жеңіп алған еді. Белградта өткен әлем чемпионатындағы шешуші жекпе-жекте Ризабек Айтмұхан Осман Нурмагомедовтен 0:2 есебімен жеңіліп жатып, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алған болатын.
Айта кетейік, қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тумасы. Осы жылдың жазында ол Ұлттық ұлан қатарына мерзімді қызметке шақырылды. Бүгінде ол Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып жүр.