фото: boxingkazakhstan_instagram.com
Еліміздің жас боксшылары 2023 жылғы Азия чемпионатында бес алтын, бес қола жүлдені жеңіп алды.
Бүгін, 3 қарашада Азия чемпионатында Элянұр Тұрғанова (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Әсем Таңатар (63 келі), Бақыт Сейдеш (66 келі) және Шұғыла Налыбай (75 келі) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Біздің қыздар арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының екі мүшесін ерекше атап өтуіміз керек. Біріншіден, бұл үш дүркін Азия чемпионы атанған Ұлжан Сәрсенбек. Одан кейін Бақыт Сейдеш Азия турнирінің «алтынын» екінші рет жеңіп отыр.
Аталған турнирде Томирис Мырзақұл (54 келі), Әйгерім Қабдолда (60 келі), Азиза Исина (70 келі), Әнел Қалысова (80 келі) және Үміт Әбілқайыр (+80 келі) қола медальдің иегерлері атанды.
Жалпы командалық медальдық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орында. Одан кейінгі орында Үндістан спортшылары: 4 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль. Үшінші орында Өзбекстан (3/6/3).