Аймақтар • 05 Қараша, 2023

Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Фото: Ашық дереккөз

Жетісу облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше аудан әкімдерінің сайлауы бойынша барлығы 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, соның ішінде Кербұлақ ауданында – 60, Сарқан ауданында - 34. Екі  аудандық аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі сайлауға жұмылдырылған.

Екі аудандағы жалпы сайлаушылар саны 54 634 адамды құрап отыр, нақты атап айтқанда, Кербұлақ – 27 787 адам, Сарқан – 26 847 адам.

Еске салайық, мұндай сайлау елімізде алғаш рет өтіп отыр. Бүгін сайлау еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында жүріп жатыр.  

 

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35