Футбол • 05 Қараша, 2023

Ел құрамасы – күміс жүлдегер

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқойлар арасында шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатының финалында Румыниямен шеберлік байқасып, күміс медальді қанағат тұтты.

Ел құрамасы – күміс жүлдегер

Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында жерлестеріміз басым тұрған еді. Ойын аяқталар тұста румы­ниялық футболшылар таразы басын теңес­тіріп кетті. Ал пенальти тебуде ел құрамасы қарсыласына 11:12 есебімен есе жіберді.

Жалпы, ел құрамасы жарыс барысында А тобында сынға түсті. Топтық кезеңде Гананы – 7:0, Үндістанды – 16:0, БАӘ құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

1/8 финалда – Мексиканы (0:0, 2:1 - пенальтиден), ширек финалда – Чехияны (3:3, 3:2 – пенальтиден), жартылай финалда Әзер­бай­жан құрамасын (3:2) қапы қалдырды. Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан футбол­шы­лары 2015, 2017 жылдарда 11-орын алған еді.